Алтын жүрек

Алғыс айту күнінің қарсаңында «Шығыс Қазақстан технология колледжі» КМҚК Студенттік парламент мүшелерінің арасында *Алтын жүрек🤩💖* атты челлендж өткізуде.Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін 1 наурыз халықаралық Алғыс айту күніне орай, колледж ұжымы қайырымды іс жасауды қолға алды.Жетім көрсең, жебей жүр» деп дана бабаларымыз айтқандай, колледж ұжымы мен студенттері қаламыздағы жетімдер үйіне көмек көрсету үшін арнайы қаражат жинақтап, періштелердің қуаныштарына себепкер болып, жақсы көңіл- күй сыйлады. Қаламыздың кішкентай тұрғындарына қолымыздан келгенше бар шапағатымызды төгіп, мейірімді болайық!
Жақсылық жасап жарысайық!