Колледж тарихы

«Шығыс Қазақстан технология колледжі»  ҚМҚК

Біздің оқу ордамыз қаламыздағы ертеден келе жатқан оқу орындарының бірі болып табылады.

Колледждің тарихы айна қатесіз мемлекетіміз бен қаламыздың тарихымен тығыз байланысты. Училище, лицей, колледждің тарихы-тек өтіп кеткен оқиғалар ғана емес.Колледж тарихы 2014 жылы  қосылып, бір бүтін болған екі бірдей колледждің тарихымен сусындап жатыр. Бірі ҚМУ «Көпсалалы технологиялық колледжі» болса екіншісі  ҚМҚК «Инновациялық технология колледжі».

Ең бірінші бұл колледждің тарихы -негізін қалаған тамаша адамдардың, еңбекқор ұжым мен түлектердің тарихы деп ауыз толтырып айтуымызға болады. Екі колледждің тізгінін ұстаған директорлар мен колледждің өркендеуіне зор үлестерін қосқан оқытушылардың, өндірістік шеберлері мен түлектеріміздің есімдері колледж тарихында мәңгілік алтын әріптермен жазылатыны белгілі.

ҚМУ «Көпсалалы технологиялық колледжінің» тарихы

Барлығы сонау әскери 1943 жылдардан бастау алған болатын…

Ұлы Отан соғысы өтіп жатқан кез еді…Советтік әскер соғыс барысында түбегейлі бұрылыс жасап барлық майдан басталып кетті. Қазақстанда жеңіс артта қалып: олар нан, бордақыланған ірі қара мал өсірді, сарбаздарға арналған киімдер тігіп, техникалар шығарды. Ұлттық экономикаға білікті мамандар қажет болды. 1943 жылдың қыркүйек айында Семей қалалық еңбекі етуші халық депутаттары кеңесінің атқару комитеті: Семей қаласында ауыл шаруашылығын механикаландыру бойынша  №17 қолөнершілер училищесін құру жайлы шешім қабылдайды.

№17 ауыл шаруашылығын механикаландыру   училищесінің ең бірінші директоры болып Гончарук Радион Ефимович тағайындалды. Онымен бірге жаңа мамандарды дайындауға Любченко Иван Иванович (механика бойынша оқытушы), Роб Михаил Фёдорович (токарлық жұмыс бойынша), Мантель Абрам Зусович  (комбайндар жөндеу жөніндегі нұсқаушы), Замбалевский Михаил Семёнович (ағаш кесушілерді дайындайтын нұсқаушы) қызу кірісе бастады.

Қолөнершілердің барлығы бірдей киім киіп, оларды толығымен мемлекет қаматамасыз етіп отырды. Біздің колледждің №1 студенті құқығына Ханафиев ие болды.Училищені бітіргеннен кейін ол шебер болып қызметке қалады. Ал 1958 жылы аға шебер болып тағайындалады. Одан кейін оқытушы, директордың орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды. Оның еңбек кітапшасында екі жазба ғана сақталған. Оның бірі-жұмысқа қабылданғаны жайлы болса, екіншісі жасына байланыста жұмыстан кетуі жайлы жазба.

       1944 жылы ақпан айында училищенің директоры қызметіне  Вецнер Ефим Львович тағайындалады. Училище шабындықтарға және бөлшектерді өндіруге арналған мемлекеттік  тапсырыс алады. Аға шеберлер бастаған білім алуышылар үш ауысыммен шеберханалардан шықпай, талмай қызмет атқарған. Ол кезде: «Өз жұмысыңды орындамасаң, ауысымнан кетпейсің» деген ұранмен еңбек еткен болатын.

Зобалаң соғыс жылдары да бітті. Еліміз бейбіт өмірдің арайлы таңын көрді. Өмірдің жаңа парақтары ашылды. Колледж ұжымының оқытушылары мен шеберлерінің қатарын Ұлы Отан соғысының қатысушылары толықтырды.

1949 жылы РУ-17-нің директоры болып, соғысқа қатысушы Чернобук Алексей Михайлович тағайындалды. Мамандығы бойынша тарихшы, мұғалім және жауапты азамат. Ол адамның басты кұндылығы- адамгершілікті өте жоғары бағалаған. Әр адамға деген сезімтал көзқарасымен  ұжымда мол мейірімділіктің негізін қалады десек те артық айтпағанымыз болар. Оның басшылығымен студенттердің жеке дамуы, олардың бос уақытын ұйымдастыру және өзін-өзі жетілдіру үшін жағдайлар жасалды: Отанға, туған жеріне және  халқына , таңдаған мамандықтарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру мен құрметтеуге үндейтін спорттық үйірмелер, көркемөнерпаздар концерттері мен басқа да мәдени- бұқаралық шараларды ұйымдастыруға мұрындық болды. 1949 жылы слесарь мамандығы қосылды. Токарлық мамандықта оқып жатқандар  планер және фрезер,  ал слесарлар автокөлік пен трактор жөндейтін – тракторшы әмбебап мамандықтарын алып шыққан. Мұнда айналдыру, тегістеу, ұнтақтау , монтаждау, металл өңдеу, теміржол цехтары болған. Бұл кәсіптік лицейде екі жыл оқу ғана болса да ол- еңбек өмірбаянының қысқа кезеңі болып табылады. Әр түлектің тағдырында олар тәуелсіз өмір жолының басы. Әрбір білім алушының тағдыры, оның өмірлік жетістігі – училищенің тарихы болмақ.

Солардың ішінде Ермоленко Вячеслав Михайлович бастаған бір топ азаматтарды ауыз толтырып айтуға болады (училищеде 33 жыл жұмыс атқарған), Коляко Николай Алексеевич (35 жыл), Тишков Анатолий Михайлович (43 жыл) Тишиков сол уақыт аралығында көптеген құрмет грамоталарымен марапатталған. 1973 жыл «КСРО –ның Кәсіптік білім саласында үздік» төсбелгісімен марапатталды. 1981 жылы Қазақ КСРО-ның Алтын Кітабына есімі енген болатын. 1983 жылы  «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Ол жайлы бірнеше мәрте қалалық басылымдарда да жазылған еді. Анатолий Михайлович ғұмырының 43 жылын   училищеге арнаған азамат.

Дәл осындай азаматтарымыз училище тарихында өте көп. 1960 училищеге Ляпин Александр  Тихонович келді. Ол өндірістік іс-тәжірибеде шебер болып, одан соң аға шебер атанып, өндіріс бойынша инженер атанды. Бұл жерде ол өзінің өмірлік орнын тапты: токарларды , токарлық станокты  реттегіш мамандарды дайындады. 1965 «Қазақ КСРО –ның Кәсіптік білім саласында үздік» төсбелгісімен марапатталды ,1983 жылы  «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Ол ВДНХ Қазақ КСРО техникалық көрменің қатысушысы болды. 1968 жылы  Москвада өткен техникалық көрмеде оның оқушылары станокты радиалды бұрғылау  бойынша 2-дәрежелі дипломмен марапатталды.

1961 жылы    №17  Қолөнер училищесі  №20 РУ атына ауыстырылды. Дәл осы жылы директор болып Слюдкин Александр Петрович тағайындалады. Ол өте белсенді әрі жанашыр басшы бола білді. Сонымен қатар талапшыл , шыншыл болды. Оның басшылығымен училищенің оқу үрдісі кең етек алып, жаңа ғимараттар бой көтерді, оқу кабинеттері мен шеберлік кабинеттері жаңа технологиямен жабдықталды. Қиындықтар көп болғанымен директор өзінің белсенділігі мен ұйымшылдығының арқасында өз ұжымын бір арнада ұстай білді. Құрылыс , Көлік құрылыс министрлігіне ,Управления Казсантехстрой біліктілік бойынша жұмысшы мамандықтарын дайындау негізгі кәсіпорындардың өтініші бойынша жүзеге асырылды. Бұл кезде училищеде көптеген дарынды оқытушылар жұмыс атқарды.Солардың бірі және бірегейі тарих пәнінің оқытушысы  Кокорев Иван Васильевич пен арнайы пәндер оқытушылары  Зеленский  және Зиновьев.

       1963 жылы   РУ№20 аты  МКТУ№74 ауысты. Электриктер мен жүк көлігі операторлары пайда болды.  Училище орта білім беретін білім ордасына айналды. Жоғары білімді жалпы білім беретін оқытушылар мен арнайы пәндер оқытушылар қатары көбейді.  Өте ұйымшыл үлкен ұжым пайда болды. Оқытушылар арасында бөліп көрсетуге болатындар Бетцольд Отто Альбертович, Кайль Эмму Самуиловна, Цейс Александр Андреевич, Черных Эльвин Владимировна, Дубикова Владимир Сергеевич, Валиева Геннадий  Сергеевич,  Мустафин Равия Ганиевна. Білім алушылардың техникалық шығармашылықтарын дамыту жолында еңбек еткен шеберлерлер : Верещагин Н.К , Глущенко И.П, Шикаревский М. Білім алушылар жоғары биіктікке газ құбырын орнатуға қатысып, орыс халық аспаптар оркестрінде өнер көрсетті, әр түрлі спорттық үйірмелерге де белсене атсалысты.

Осы жылы Посмаков Александр Николаевич  директор болып келді. Посмаков А.Н. өз жұмысын физика пәнінің оқытушысы болып бастаған. Ол №10 училищенің директоры орынбасары ,директоры болып қызмет атқары, білім бөлімінің Басқармасының басшысы болып тағайындалады.   Ол өте талантты , ақжарқын ,өз ісіне өте адал жандардың бірі болған. Біздің білім ордамыздың орналасқан көшесі де осы кісінің есіміне берілген. 1965 жылдан 1970 жылға дейін жаңа оқу орнының құрылысы жалғасты.

Ал 1967 жылы училище 3 жылдық оқуға көшті.

1984 жылы МКТУ№ 74 оқу орнының аты  АШТУ№8 болып  өзгерді. Дәнекерлеуші мамандығы қосылды.  1984 жылы училищеге  Кудайбергенов Б.Т. атты жас шебер келеді. Ол арнайы пәндер оқытушысы болып қызметін жалғастырады. Ал 2009 жылы   ол №8 Лицейдің директоры болып қызметке оралады. Біздің колледжіміз директорлар дайындайтын орда болып кеткендей. Себебі біздің білім ордамызда жұмыс атқарған адамдардың басым көпшілігі басқа жерлерге директор қызметіне тұрып жатты. Олар Искаков Сабыр Бажиевич, Посмаков Александр Николаевич, Дурынин Фёдор Михайлович, Иощенко Евгений Павлович, Росликов Владимир Васильевич, Курмангалиев Бакыткали Мадыбаевич.

1991 жылы директор қызметіне  ХромовА. А. келді. Бұл кезде жаңа орнының құрылысы жалғасып жатты. Спорт зал мен асхананың корпусы салынып бітіп, 1992 жылы тағы бір жаңа оқу корпусы салынды.

1994  году АШТУ№8 ді №22 кәсіптік мектеппен қосып, білім ордасында хатшылар мен тігіншілер пайда болды. Қайта құрудың кезеңі ауыр болса да жұмысшыларға деген қажеттілік әрдайым болды.

1995 АШТУ №8 «Заман» қызметкерлерді кәсіби даярлау орталығы. Орталық келесідей мамандықтарды дайындады: көлік құрылысы мен қызмет көрсету салалары: кең бейімді станокшы , электр газымен дәнекерлеуші, тарату құрылғыларының электр құрастырушысы, автокрандар операторы, хатшы-референет, аспазшы-кондитер, кең бейімді шашатараз, тігінші.

2008 жылы «Заман» қызметкерлерді кәсіби даярлау орталығы «№8 кәсіби лицей» деген жаңа мәртебе берілді.

2012 жылы  лицей колледж деген мәртебе алып «Көпсалалы техникалық колледж» деп атала бастады. Колледж өзін тәжірибелік режимде жұмыс жасайтын инновациялық оқу орны ретінде көрсете білді. Семей қаласында алғаш 2012 жылдан бастап осы колледжде мүмкіндігі шектеулі жандарды: есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету , асапазшы-кондитер , сылақшы мамандықтары бойынша мамандар дайындауды бастады.

2013 жылы колледж өзінің  70 жылдығын тойлады.  Осы уақыт аралығында өзінің оқу орнын мәңгі естеріне сақтап жүретін 11000  мамандарды даярлап шығарды.

«Инновациялық-технологиялық колледждің » ҚМҚК тарихы

Политехникалық колледждің тарихы 1931 жылдың 1-қаңтарынан бастап «ет одағының» тапсырысы  бойынша Петропавловск қаласында ет комбинаты жанынан оқу камбинаты ашылғаннан бері  өз тарихын бастады .Ал 1933-1935жж ол ет өнеркәсібінің технологиялық техникум мәртебесін алды.

1938 жылы техникум  Семей қаласы Мира, 115 даңғылы мекен-жайына ауысты. М.И.Калинин атындағы ет комбинаты техникалық мектептің негізгі кәсіпорыны болды.

Ұлы Отан соғысы жылдары түлектер мен көптеген оқытушылар Отан қорғауға білек сыбана кірісті.Солардың ішінде  1939 жылдың түлегі  Кошуков Вениамин Борисович Совет Одағының Батыры атты жоғары шенді алды.

Бүгінгі таңда инженерлік-педагогикалық колледж Кудайберген Болатжан Темиржановичтың басқаруымен жұмыс атқарып келеді. Басшылықтың асқан көрегенділігі мен ұжымды ұйымшыл ұстай алуының арқасында бүгінгі таңда колледж қаламыздағы ең үлгілі колледждердің қатарында деп айтсақ та артық айтпағанымыз болар. Болатжан Темиржанович жыл сайын білім сапасы мен біліктіліктерін арттыру мақсатында- жаңа технологиялар мен тың дүниелерді жасауға тырысады.  Біздің колледждің мақсаты- бәсекеге қабілетті ,шығармашыл мамандарды даярлап шығару болып табылады.