Психологиялық қызмет

Колледждегі психологиялық қызмет көрсету жұмысы

Көлледж қабырғасында психологиялық көмек пен қолдауды мұғалімдер, студенттер және ата-аналар күнделікті сағат 9.00 – 17.00 дейін психологтан кеңес ала алады. Психологтің кабинеті үшінші қабатта орналасқан. Психологиялық кеңесті педагог-психологтін өзі жүргізеді. Құпиялылық кепілділігін береміз!

Психологиялық қызметтің мақсаты:  Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық денсаулығын сақтау, колледжде жүйелі  білім алуына психологиялық  ахуалмен  мен әлеуметтік- психологиялық жағдай   қалыптастыру.

Психологиялық қызметтің негізгі міндеттері:

1.Білім алушылармен тәрбиеленушілердің жеке дара және танымдылық дамуына әсер ету, өзіндік дамуы мен өзін- өзі тәрбиелеуін бейімдеу.

  1. Білім алушылармен тәрбиеленушілердің жаңа ортаға әлеуметтенуіне психологиялық ахуал жасау. Жаңадан  қабылданған студенттердің   қалыпты деңгейде бейімделуіне  жағдай туғызу.

3.Психологиялық –педагогикалық жеке ерекшелігін меңгеруге әрбір білім алушылармен, тәрбиеленушілердің жеке көзқарасына әсер ету.

  1. Психологиялық диагностикалар өткізу және білім алушылармен тәрбиеленушілердің шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту
  2. Білім алушылармен тәрбиеленушілердің психологиялық қиындықтары мен мәселелерін шешуге психологиялық түзету, дамыту жұмыстарын жүзеге асыру.
  3. Психологиялық мәселелер мен оқу- тәрбие жұмысында тиімді әдістерді таңдауға педагогтар мен ата-аналарға кеңес беру.
  4. Оқу үрдісіне қатысушылардың психологиялық- педагогикалық біліктілігін арттыру.

Психологиялық қызметтің негізгі бағыттары:

  • Психодиагностикалық
  • Кеңес беру
  • Алдын –алу және ағарту жұмыстары
  • Түзету-дамыту жұмыстары
  • Әдістемелік-ұйымдастыру жұмыстары.

Оқу үрдісінің психологиялық-педагогикалық қолдауының аясында  колледж студенттерімен келесі жұмыстар атқарылады:

Алдын-алу шаралары – білім беру мекемесіндегі студенттердің және тәрбиеленушілердің   жеке тұлғасын дамытуда және  ойлау қабілетін жетілдіруде, жеңіл бейімделуін қадағалау, құқық бұзушылықты болдырмау үшін  мұғалімдерге және ата-аналарға нақты  кеңестер  беріледі.  Кәмелеттік жасқа толмаған студенттерге қатысты бопсалау немесе зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында  колледжде қосымша «Сенім жәшігі» қызметі қарастырылған

Ағарту шаралары –   студенттердің және олардың ата-аналары, мұғалімдердің психологиялық білімге деген  қажеттілікті қалыптастыру, оларды   өзін өзі дамыту  мүддесінде пайдалану ниетін  қалыптастыру. Жыл сайын оқу үрдісі барысында студенттерге тәрбие сағаттары, тренингтер, әңгіме және тақырыптық мазмұндағы пікірталастар өткізіледі.

Психодиагностикалық жұмыстар:

  • Әр топтың әлеуметтік денгейін зерттеу және талдау;
  • Студенттер арасындағы бопсалау фактілерін анықтау;
  • Темперамент түрін анықтаңыз, студенттердің жеке сипаты, ерекшеліктері туралы білу. Студенттердің жеке қасиеттерін зерттеу.
  • Студенттерден  суицидтікті анықтау.
  • Психологиялық түзету-дамыту жұмыс жүргізу үшін «Қауіпті тобындағы» тізімін анықтау
  • Студенттер арасындағы агрессиялық деңгейлері мен түрлерін зерттеу.
  • Студентердің жекелей және ситуативтік мазасыздану себебін анықтау, мазасыздану денгейі жоғары студенттермен психалогиялық жұмыс жасау.
  • ПБЗ қолданатын студенттерді анықтау
  • Түлектердің стресс деңгейін анықтау
  • Жеке бағдарын анықтау
  • Балалармен ата-аналардың тұлғааралық қарым-қатынастарын зерттеу
  • Жалдамалы үйде (жатаханада) тұратын студенттердің мәселелерін зерттеу.

Кеңес беру жұмыстары: Сұраныс бойынша кеңес беру жұмыстары жүргізіледі.

– студенттермен;

– ата-аналармен;

– жетім балалармен;

– жатақхана оқушыларымен.

Түзету, дамыту жұмыстары:

  • Тренинг: «Біз бір командамыз», «Бәрімізде бір мақсат».
  • Емтихан және ҰОК кезінде стрессті азайту үшін алдын-ала  оқыту Тренинг: «Стрессіз емтихан»
  • Құқық бұзушылықты алдын-алу. Тренинг: «Мен өз ісіме жауаптымын», «Құқық… Міндет… Жауаптылық…», «Мен неден женемін, неден ұтылам»
  • «Қауіпті топтағы» студенттеріне арналған тренинг –жаттығулар. Тренинг: «Кемшіліктерінді женуге тырыс», «Кедергілер», «Эмоциялық тізбегі»

Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінде және ата-аналар жиналысында жоспарға сәйкес баяндамалар дайындалып оқылады.

Колледж базасында студенттердің психологиялық мәдениетін арттыру, студенттердің психологияға деген қызығушылығын дамыту және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу мақсатында педагог-психологтардың ОӘБ жоспары бойынша облыстық олимпиада өткізілді.