Басқару құрылымы

 

«Шығыс Қазақстан   технология колледжі» КМҚК
оқытушылары және қызметкерлерінің
ар-намыс кодексі

Мазмұны:

1.Жалпы ережелер

2.Корпоративтік қағидаттар және құндылықтар

  1. Колледждің педагогикалық ұжымының корпоративтік этикасы
  2. Кәсіби қауымдастықтың Ар-намыс кодексі нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілігі.

 

  1. Жалпы ережелер

1.1 Осы кодекс «Шығыс Қазақстан  технология колледжі» КМҚК оқытушылары және қызметкерлерінің корпоративтік мәдениеті және тәртібінің негізгі ережелерін анықтайды.

1.2 Колледж оқытушылары және қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі колледжде қолайлы моральдік-психологиялық ахуал құруға бағытталған.

1.3 Осы кодекстің барлық нормаларын іске асырудың басты мақсаты – Колледж оқытушылары және қызметкерлерінің Кәсіби қауымдастығының корпоративтік мәдениетін нығайту, беделін арттыру.

1.4 Колледждің әр оқытушысы және қызметкері осы кодекстің нормаларын сақтай отырып, колледждің имиджін және іскерлік беделін нығайтуға өз үлесін қосады.

 

  1. Корпоративтік қағидаттар және құндылықтар.

2.1 Колледж қызметі келесі принциптерде негізделеді:

2.1.1 Колледж – сапалы білімнің, мәдениеттің, ғылым және инновациялардың жетекші орталығы, оқу процесінде жаңа технологияларды қолданады.

2.1.2 Болашаққа ұмтылған колледж білім беру концепциясын тиімді жүзеге асырады.

2.1.3 Колледж өз қызметкерлерін бағалайды және құрметтейді, әрқашан жоғары этикалық стандарттарға сәйкес әрекет етеді.

2.1.4 Колледж сыбайлас жемқорлық көріністеріне және пара алушылыққа төзбейді.

2.1.5 Колледж рухы – бірлікте. Оқытушылардың, қызметкерлер және студенттердің жасампаздығы, ортақтастығы және серіктестігі – корпоративтік этиканың ажырамас ерекшелігі.

 

2.2 Басты корпоративтік құндылықтар:

2.2.1 Бәсекеге   қабілетті  білім беру қызметін көрсету.

2.2.2 Әлемдік  білім беру кеңістігін интеграциялау.

2.2.3 Өзгерістерге және инновацияларға ашықтық.

2.2.4 Ғылыми зерттеулер және әзірлемелерге бағдарлану.

2.2.5 Жоғары академиялық жауапкершілік.

2.2.6 Жетістікке және шығармашылықты өсуге ұмтылу.

2.2.7 Адамгершілік, патриоттық, азаматтық қасиеттерді дамыту.

2.2.8 Қызметкер және білім алушы тұлғаға сыйластық көрсету, олардың құқығы мен мүдделерін қорғау.

2.2.9 Колледжге деген адалдық және оның жоғары стандарттарына сәйкес болуға даярлық.

 

  1. Колледж ұжымының корпоративтік этикасы

3.1 Колледж оқытушылары және қызметкерлері міндетті:

3.1.1 Оқу ұйымының мәртебесін адалдықпен және абройлылықпен сақтауға, Колледж оқытушылары және қызметкерлерінің жоғары атағына лайық болуға;

3.1.2 Колледж миссиясын жүзеге асыру және кәсіби қызметте өз миссиясы мен корпоративті миссияның ара қатыстылығын белгілеу.

3.1.3 Колледждің жоспарлаған мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруға жауапты болу, колледж қызметінің нәтижесіне қатысты болу;

3.1.4 Өз қызметтік міндеттерін орындай отырып, жоғары мәдениеттілікті, жауапкершілікті, академиялық адалдық және шынайылық таныту, өзара сыйластық принциптері мен әріптестер және студенттермен сыйласымды қарым-қатынасты басшылыққа алу.

3.1.5 Отандық және шетелдік тәжірибе және ғылым жетістіктерін зерделеп, өз білімінің деңгейін үнемі толықтырып, кәсібилігін арттыру.

3.1.6 Колледждің еңбек тәртібі, оның дәстүріне, тарихына құрметпен және ұқыпты қараудың үлгісі болуға.

3.1.7 Колледждің іскерлік ұстанымын бағалау, колледждің мүддесіне, намысы мен беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге қатыспау.

3.2 Оқытушылар мен қызметкерлер:

3.2.1 Әріптестер мен студенттердің намысын, қадір-қасиетін қорлауды,,балағат сөз айту,менмендік және менсінбеушілікті болдырмау.

3.2.2 Студенттердің көзінше әріптестердің жеке өмірі мен кемшіліктері туралы талқыламау.

3.2.3 Колледжге мас күйінде келу және алкогольді ішімдік ішуге, арнайы белгіленбеген орындарда темекі шегуге болмайды.

3.2.4 Студенттерден сыйлықтар мен ақшалай сыйақы қабылдауға болмайды.

3.2.5 Дін идеяларын, сондай-ақ ұлтаралық бірлік пен конфессияаралық келісімге қарама-қайшы пікірлер мен ұстанымдарды таратуға болмайды. Колледжде және басқа қоғамдық орындарда хиджаб, қысқа шалбар киюге, сақал жіберуге болмайды.

3.2.6 Жұмысқа кешігуге, сабақтарды қысқартуға немесе себепсіз босатуға болмайды.

3.2.7 Өз қызметтік міндеттерін орындауда дөрекілік көрсетуге болмайды.

3.2.8 Студенттерге қатысты өз лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалануға, студенттерге және оларды бағалауда кемсітушілік көрсетуге болмайды.

3.2.9 Колледж әкімшілігінің шешімі туралы қате ақпарат таратуға болмайды.

3.3  Басшы және қызметкер арасындағы қарым-қатынас:

3.3.1 Басшы міндетті:

– өзінің кәсіби және жалпы адамгершілік мінез-құлқымен қызметкерлерге үлгі болуға;

– өзінің мінез-құлық нормаларын іскерлік өзара қарым-қатынастың корпоративтік этикасының негізгі ережелеріне негіздеу.

– қызметкерлерді  тұлға ретінде құрметтеу, олардың намысына нұқсан келтірмеу;

– қызметкерлері алдында өз қатесін түсіну және оларды сөкпеу;

– ұжымда сыйласымды және іскерлік ахуал қалыптастыруға.

 

Қызметкер міндетті:

– еңбек тәртібіне бағыну

– жұмыста болмаған себебі туралы басшыға уақтылы ақпарат беру

– колледж басшысының түрін, аты-жөнін білу

-кездескен жағдайда бірінші болып амандасу

– үй-жайларға кіргенде бірінші болып амандасу

 

Әріптестермен қарым-қатынас:

–          бір-біріне сыйластықпен қарау;

–          түсінбеушілік болған жағдайда міндетті түрде кешірім сұрау;

–          басқа қызметкерлердің көзінше әріптестерді, басшыны сынамау;

–          өсектерді таратпау

–          жұмыс уақытында тек қана қызметтік міндеттемелерді орындау

–          ұстамды болу, дөрекілік көрсетпеу

–          әріптестерге көмек беру, білім және тәжірибемен бөлісу

 

 

3.3.4 Басты кәсіби міндеті ретінде жұмысқа деген қатынас,

 –  студенттерге үлгі болу; 

– ғылыми-педагогикалық біліктіліктің жоғары деңгейін үнемі қолдап, құзыретті болу

– оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдыларын әділ және шынайы бағалау

– колледждің ғылыми жетістіктерін арттыруға өз күші, білімі және тәжірибесімен бөлісу

– плагиатты қолданбау

– жарияланбаған дереккөздің құпиялығын сақтау.

 

3.3.5 Мәжіліс пен жиналыстарды өткізу

– жиналыс және мәжіліске уақытында келу;

– күн тәртібімен алдын ала танысып, қажетті материалдарды өзімен бірге ала келу;

– жиналыс және мәжіліс басталар алдында  ұялы телефонды өшіру;

– отырыс болып жатқанда кіргенде және шыққанда айғайлап кешірім сұрамау;

– жеке мәселелерді шешу үшін жиналыс мінбесін қолданбау.

 

  1. Ар-намыс кодексінің нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік:

4.1 Ар-намыс кодексі барлық қызметкерлер және оқытушылар үшін тең дәрежедегі іс болып табылады.

4.2 Оқытушылар және қызметкерлер Ар-намыс кодексін білуі міндетті және өз қызметінде және мінез-құлқында осы нормаларды ұстануға тиісті;

4.3 Осы Кодекс ережелерін бұзу колледж оқытушысы және қызметкерлерінің мәртебесіне үйлеспейтін е  ретінде  қарастырылады.

 

4.4 Кодекс нормаларын бұзғаны үшін келесі шаралар қолданады:

– көпшілік алдында кешірім сұрау ұсынысы;

–  басшылық кеңесінде тәртіпті талқылау;

– тәртіптік жаза қолдану.

 

«Шығыс Қазақстан технология колледжі» КМҚК   студентінің ар-намыс кодексі

Мен, Шығыс Қазақстан технологиялық колледжі студенті, еліміздің білікті мамандарын даярлауда Колледж миссиясын жүзеге асыру үшін өз жауапкершілігімді сезініп, студенттік қауымдастықтың корпоративтік мәдениетін қолдауды және дамытуды, Павлодар облысында және Қазақстан Республикасында кәсіби мамандарды даярлау бойынша жетекші білім беру ұйымы ретінде Колледж имиджін сақтауды өз парызым деп есептеп, Павлодар технологиялық колледжі студентінің осы Ар-намыс кодексін қабылдаймын және оны мүлтіксіз сақтауға сөз беремін.

Статья 1. Студент Қазақстан Республикасының беделді азаматы, таңдаған мамандығында кәсіби болуға, өз бойында шығармашылықты тұлғаның ең жақсы қасиеттерін дамытуға ұмтылады.

Статья 2..Студент жасы үлкендерге құрметпен қарайды, айналасындағыларға қатысты дөрекілік көрсетпейді және әлеуметтік қорғалмаған адамдарға аяушылық білдіреді және мүмкіндігінше оларға қамқорлық жасай біледі;

Статья 3. Студент өнегеліліктің, мәдениеттіліктің және моральдің үлгісі, азғындықты төзбейді және жыныстық, ұлттық немесе діни айырмашылық бойынша кемсітушілікті болдырмайды;

Статья 4. Студент салауатты өмір салтын ұстанады және зиянды дағдылардан толық бас тартады.

Статья 5. Студент колледж дәстүрін сыйлайды, оның мүлкін сақтайды, оқу кабинеттерде тазалық пен тәртіпті қадағалайды.

Статья 6. Студент шығармашылық белсенділікке (ғылыми-білім беру, спорттық, көркемөнер), колледждің корпоративтік мәдениеті мен имиджіне бағытталған барлық әрекеттерді қажетті және пайдалы деп санайды.

Статья 7. Колледжден тыс жерде студент Технологиялық колледж өкілі екенін есінде сақтайды және оның намысы мен абыройын сақтауға бар күшін салып тырысады.

Статья 8Студент академиялық әділетсіздіктің барлық түрімен күресуді өз борышы деп санайды, оның ішінде: көшіріп алу және білімді бақылау шараларын жүргізу кезінде біреуге жүгіну; жоғары баға алу үшін туыстық және қызметтік бапты пайдалану; сабақты босату, кешігу және себепсіз босату.

Студент барлық аталған академиялық әділетсіздіктің түрлері қоғам және жұмыс берушінің жоғары талаптарына сай келетін сапалы және бәсекеге қабілетті білім алу, беделді маман болумен үйлеспейтін ұғым деп қарастырады.

Статья 9.  Кодекс ережелері бұзылғанын байқаған студент оны өз күшімен жоюға тырысады немесе бұл туралы студенттік өздік басқару органдарына және әкімшілікке хабарлайды.